«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы және Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

"Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп- гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекесінде 9-10-11 сынып білім алушылары мен ата -аналарға " Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу" тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды.

Алматы облысы,Кеген ауданы, Кеген ауылы "Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп- гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекесінде 9-10-11 сынып білім алушылары мен ата -аналарға " Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу" тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды.Мақсаты: Жалпы білім беру ұйымдарында суицидтік мінез-құлқы бар «тәуекел топтағы» балаларға кеңес беру және балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету.
Кәмелетке толмағандар арасындағы әлемжеттік, зорлық-зомбылықты болдырмау, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу «Бақытты балалық шақ» акциясы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Кездесу қонақтары:Кеген аудандық прокуратурасының прокуроры Марат Мухаммедали Сырынбетұлы, Кеген аудандық білім бөлімінің басшысы Масимханов Мұратжан Қожанұлы, Алматы облыстық психологиялық оқу -әдістемелік орталығының әдіскері Есбосынова Жансая Жұмаханқызы,
Кеген ауданы бойынша жалпы ата ана комитетінің төрайымы Киргизбаева Ботагөз Омарбаевна және полиция аға лейтенанты Қырманшиева Қарлығаш Мәлікқызы, мектеп- гимназия директоры Мусаева Қуан Несипбековна келіп өз ойларын ортаға салып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мектеп психологтары баяндама жасап, тренинг- жаттығулар жүргізді.